«Жарқын шақ» бөбекжай балабақша жауапкерлігі шектеулі серіктестігі туралы мәлімет.
«Жарқын шақ» бөбекжай балабақшасы Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауыл әкімшілігі, Сайлау ауылы, Нұртазаұлы Қарақбай көшесі, Құрылыс 4А үй.
Жарамды тұрғын ауданы 1064,1 шаршы м.
Балабақшаның жобалық қуаттылығы –_140_ бала. Ата-аналар мен балабақша әкімшілігі арасында шарт жасалған.
Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі. Қазіргі кезде балабақшада _6_ топ жұмыс істейді. Балабақша ғимараты типтік, 2022 жылы пайдалануға берілді.
«Жарқын шақ» бөбекжай балабақшасының басқа мектепке дейінгі ұйымдармен жоғары деңгейде бәсекелесу үшін балабақшаның оң имиджін жасалған.
- білім сапасы: миссиясы, МДҰ түлектерінің мектепке сәтті бейімделуінің жоғары болуы, салауатты өмір салтын қалыптастыру; мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік институттармен байланысы және т. б.;
- қоршаған ортаның жайлылық деңгейі: ұжымдағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат, оптимизм және т. б.;
- білім беру қызметтерінің бағасы;
- басшы мен қызметкерлердің оң бейнесі;
- мектепке дейінгі ұйымның жағымды қабылданатын стилі;
- бейнелі, есте қаларлық жеке сыртқы атрибуттар: сыртқы символизм, рәсімдер және
Сонымен бірге балабақша ұжымы ата-аналармен жұмыс жүргізіледі.
Негізгі мақсатты аудиториямен жұмысқа қандай түзетулер енгізу керектігін түсіну үшін сауалнама жүргізіледі ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға қалай қарайды; қызмет сапасына қаншалықты көңілі толады; МДҰ жұмысы туралы ақпарат жеткілікті ме. Сауалнама нәтижелерін кестеге енгізіліп отырады.
Балабақша әкімшілігі тарапынан білім сапасын көрсететін көрсеткіштер қадағаланып, жетістіктер мен жаңалықтар насихатталып отырады. Ол үшін педагогикалық кеңес және әкімшілік кеңестер жүйелі өткізіледі.
Сондықтан білім сапасын екі бағытта қадағалаады: тәрбиеленушілердің жеке жетістіктері мен педагогтардың жетістіктері.
Тәрбиеленушілердің жеке жетістіктерінің деңгейі:
- балабақша ішіндегі және одан тыс конкурстарға қатысудың нәтижелілігінен;
- негізгі оқу бағдарламасын меңгеру;
- спорт секциялары мен шығармашылық үйірмеге қатысу;
- мектепке дайындық деңгейі.
Педагогтың жетістік деңгейі мынандай критерий бойынша анықталады:
- білім беру сапасының аралық және қорытынды мониторингі нәтижелері бойынша бағдарлама материалын меңгеру көрсеткіші;
- үйірме, шығармашылық конкурс ұйымдастыру;
- сырттай, аудандық, облыстық деңгейде әдістемелік жұмысқа қатысу;
- облыстық, аудандық, облыстық деңгейде өз жұмыс тәжірибесімен таныстыру;
- кәсіби конкурстарға қатысу;
- инновациялық қызметке қатысу, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану нәтижелілігі;
- кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша жүйелі жұмыс;
- педагог қызметінің нәтижелері туралы ата-аналардың пікірі.
Қазіргі таңда ата-аналардың балабақша жұмысына қанағаттанарлық баға беруде.
Балабақшада балалардың жан-жақты дамуына толық жағдай жасалған. Әр топтық бөлмеде, музыкалық және спорттық залдарда ерекше стиль жасалған. Аумақтың стандартты емес дизайнын ойластырылған.
Балаларды балабақшаға қабылдау және бейімделуіне толық жағдай жасалған. Жоғары білімді және бала жанын түсінетін педагогтар қызмет атқарып жатыр.Ұйымдастырылған іс-шаралары балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған. Іс-шараларға қатыса отырып, балалар қимыл ептіліктері мен дағдыларын дамытады, әңгімелесулер арқылы қоршаған орта туралы жаңа білім алуға қызығушылық танытады, қимыл ойындар үдерісінде оларда қандай білімі бар екенін көрсетеді. Балалар бір-бірімен және тәрбиешімен ынтымақтастықта болуға, сондай-ақ көмектесуге, қолдауға және құрметтеуге үйренеді.
Балабақшада оқу-тәрбие жұмысынжүргізуге толық материалдық база жасақталған.
Балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналық қызмет көрсету өз деңгейінде. Балабақшада сауықтыру-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Балабақша аумағы көгалдандырылған,
Дене шынықтыру алаңы, серуендеу учаскесі бар, балалардың тыныш ойындары мен қозғалыс қызметіне, сюжеттік-рөлдік ойындарына, сумен және құммен ойнауға арналған жабдық орналасқан. Барлық топтарға жеткілікті жазғы бастырмалары бар.
Балабақшада бейне бақылау жүйесі жүргізілген.