Басты бет бөбекжай

«Жарқын шақ» бөбекжай балабақшасына

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

БІЗДІҢ БӨБЕКЖАЙ ТОПТАРЫ

IMG-20220629-WA0095

«БАЛАПАН»

ерте жас тобы

IMG-20220216-WA0016

«БАЛАУСА»

ерте жас тобы

IMG-20220304-WA0124

«ГҮЛДЕР»

кіші жас тобы

IMG-20220225-WA0066

«АҚБОТА»

ортаңғы жас тобы

IMG-20220228-WA0039

«КӨГЕРШІН»

ортаңғы жас тобы

IMG-20220629-WA0065

«ҚАРЛЫҒАШ»

ересек жас тобы

«Жарқын шақ» бөбекжай балабақшасы қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру

Балалар бөбекжайы қауіпсіздік құралдарының үш түрімен жабдықталған:

  • бейнебақылау жүйелері
  • өрт дабылы
  • «шұғыл түймесі бар»

Бейнебақылау жүйелері үй-жайлардың, дәліздердің ішіндегі объектінің режимін, күзетілетін объектінің айналасындағы аумақты және, кіру және шығу жолдарын бақылауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау жүйелері бөтен адамдардан қорғануға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен балалардың жұмысын бақылауға арналған.

Балабақша ауласы түгел темір қорғанмен қоршалған, көгалдандырылған, таза ауада ойнауға жағдай жасалынған.

Біздің бөбекжай балабақшасы міндеттері

IMG-20220228-WA0039

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»

Баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамыту.

IMG-20220228-WA0039

«ДЕНСАУЛЫҚ»

Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.
Салауатты өмірге тәрбиелеу.

IMG-20220228-WA0039

«ТАНЫМ»

Балалардың танымдық қабілетін арттыру, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру, білуге деген құштарлықты дамыту.

IMG-20220228-WA0039

«ҚАТЫНАС»

Балаларды сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындау. Балаларды қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыру.

IMG-20220228-WA0039

«ӘЛЕУМЕТТІК»

Балалар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Балаларды бөбекжайға қабылдау және шығару тәртібі бойынша бөбекжай төмендегідей жұмыстар атқарады.

Балабақшаға балаларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрығы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес қабылдайды.

  • қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
  • ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • баланың тууын  куәландыратын құжат (көшірмесі) (сәйкестендіру үшін);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы №469 бұйрығымен “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3            есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
  • Баланың денсаулығы туралы анықтама;

Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің орындары келесі жағдайларда сақталады:

  • тәрбиеленуші ауырғанда;
  • тәрбиеленуші медициналық, санаторий, курорттық ұйымдарда емделсе немесе сауықтырылса;
  • ата-аналарының бірі еңбек демалысында болса.
Пролистать наверх